ЕУРАЗИЯЛЫҚ ТУРИЗМ ҚАУЫМДАСТЫҒЫ

Орталық Азиямен туризмді дамыту бойынша кәсіби қауымдастық

ҚАУЫМДАСТЫҚҚА КІРУ

SALEM CHINA БАҒДАРЛАМАСЫ

Еуразиялық туризм қауымдастығы басқа халықаралық бағдарламалардың үздік тәжірибесін алып және Welcome Chinese (ҚХР туризм басқармасы және Қытай туризм академиясы мақұлдаған жалғыз бейімдеу бағдарламасы) таңдап, «Salem China» деп аталатын өзінің бірегей қазақстандық бағдарламасын құруға шешім қабылдады. Өзіндік атауы қазақстандықтардың бәріне тән мейірімділік және қонақжайлық – қытайлық туристерге деген көзқарасты көрсетеді.

Salem China бағдарламасы қытайлық туристердің қажеттіліктері үшін қонақ үйлерді, мейрамханаларды, сауда орталықтарын, әуежайларды және туристік қызығушылық орындарды дұрыс және толық бейімдеуге көмектеседі. Ол қытайлықтардың демалуы мүмкіндігінше ыңғайлы болуы үшін барлық нюанстар, мәдениет ерекшеліктері мен өмір салтын есепке алады.

Бұл бағдарлама туристік нарықты қытайлық туристердің қажеттіліктеріне бейімдеп қана қоймай, сондай-ақ Қазақстанның туристік индустриясының қызметкерлерін қытайлық туристермен қалай әрекет етуге үйретеді, Қазақстанның Қытайдағы туристік әлеуетін дамытуға және Қазақстанға қытайлық туристерді тартуға бағытталған.

МҮШЕЛІКТІҢ АРТЫҚШЫЛЫҒЫ

Соңғы жаңалықтармен бөлісеміз

Жаңалықтар таратуларын, заңнамадағы өзгертулерді алыңыздар және белсенділік танытыңыздар

Кәсіби кеңестер береміз

Сіз кез келген кезде заңгерлік және экономикалық кеңес алу құқығын қолдана аласыз

Мүдделерді қорғаймыз

«Атамекен» ҚР ҰКП, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің туризм индустриясы комитетінде және заң шығару органдарда Сіздің мүдделеріңізді білдіруге рұқсат етіңіздер

Сіздің бизнесіңізге көмектесеміз

Корпоротивтік бағдарламаларда қатысыңыз, қонақ үйлердегі корпоративтік бағаларды және ЕАТ мүшелері үшін арнайы жеңілдіктер алыңыз

СЕРІКТЕСТЕР