ШЫҰ туризм саласындағы ынтымақтастық туралы семинардың негізгі баяндамасы
Қытай Туризм Академиясының басшысы
Құрметті Қытай делегациясының басшысы Ду Цзян әрі Төрағасы Дуан Цян,
Ханымдар мен мырзалар,
Екіжақты, көпжақты және аймақтық ынтымақтастық, қауіпсіздік пен экономика әлемде негізгі стратегиялық опциялар болып табылады. НАТО және бұрынғы Варшава мемлекеттерінің ұжымдық қауіпсіздігін талап етеді, ЕО-ның бұрынғы көмір және болат қоғамдастығымен, ОПЕК байлық пен өндіріс факторлары арқылы бағаны өздері шешуді көздейді. Алдыңғы жылдары G7, G20, ЭЫДҰ, АТЭС (АТЭЫ) саммитіның тақырыптары ынтымақтастық пен қоғамдық, экономика, сауда, қауіпсіздік мәселелерін талқылау болды. Экономикалық жаһандану сауда протекционизммен ұшырасқан бүгінгі таңда, қауіпсіздік және экономикалық салалардағы келіссөздер, ортақ танымдар және іс-қимылдар барысында, мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты елемеуге болмайтын негізгі мазмұн мен негізгі тақырыптар болып табылады.
Ежелден бері адамзат жайлы орта мен жақсы өмірге құлшынды. Ұлы Жібек Жолы, Ұлы шай маршруты,Чжэн Хеның жеті саяхаты және географиялық жаңалықтар, адамдарды осы планетада әрі қарай жылжуға мүмкіндік берді. Өнеркәсіп революциясы байланыс құралдарын жетілдіруге және жақсартуға себеп болды,80 күн ішінде әлемді саяхаттап шығу арманының орындалғанын көрсетеді. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Еуропа және Америка елдері жаппай туризм дәуіріне көшті. Туризм ұлттық және аймақтық ынтымақтастық жүйесіне енді және саяси көшбасшылар арасында пікірталас тақырыбына айналды.Бүгінде Азия және Тынық мұхиты аймағы Еуропа мен Солтүстік Америкадан кейінгі үшінші туристік экономикалық бағытқа айналды. 2017 жылы халықаралық туристік нарық ауқымы 1,322 миллиард адамға жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7 пайызға артты. Туризмнің экономикаға қосқан үлесі 10% -дан асады, ал жұмыспен қамтуға мүмкіндігі 10% -ға жуық.
Халықаралық ынтымақтастықтың шетінен орталыққа көшу және белсенді рөл ойнау үшін, нарық қатысушылары туристік қызметтерді бірлесіп насихаттау қажет.
Заманның дамуына байланысты халық тұрмысы біртіндеп жақсарды әрі туризімге деген сұраныс күн санап көбейді, сондықтан Қытай туризм саласындағы халықаралық ынтымақтастықты белсенді түрде қолдап келеді. Қытай 2012-2013, 2016 және 2017 жылдары Қытай, Ресей, Үндістан және Қазақстанмен туризмді дәйектілікпен ұйымдастырды. . Туризмді, халықтар арасындағы алмасуды және инвестициялық ынтымақтастықты насихаттаудың арқасында, ынтымақтастыққа мүше мемлекеттердің бейнелері жастар арасында бейресми көршілерден жақын достарға дейін дами бастады. Бұрындары «Алматы қандай қала, Астана қайда орналасқан?» деп сұрайтын халық қазір Димаш пен Лу Ханьның қайсысы ең әдемі деп талқылайды. Бұрын радиодан, теледидардан, газеттерден және әдеби шығармалардан ғана білетін Ресей әрдайым күшті болған, енді ол оптимизм, позитив пен гуманистік сән туралы әсер қалдырады.Көптеген қытайлық туристер Тадж-Махалдан ежелгі үнді өркениетін сезінеді, Мумбай мен Нью-Делиге барып қазіргі Үндістанның өркендеуі мен дамуын көре алады. Тарихтың кез-келген кезеңінде мемлекет арасындағы қарым-қатынас арқылы адамдар бір-бірін жақсы таныды, әсіресе жастар арасындағы кездесулер мемлекеттің қоғамдық қатынастары үшін негіз болады. Си Цзиньпин атап өткендей: «халықтың жақсы өмір сүруге талпынысы-біздің мақсатымыз болып табылады», ежелгі заманнан бері қытай халқы, көп кітап оқу мен көптеген елге саяхаттауды жақсы әдетке балаған. Әртүрлі елдердің тұрғындары шекаралар асып,еркін жүріп, ел аралауды жеңілдеу үшін,ұлттық дипломатияның қоғамдық пікірін одан әрі нығайтуға және өңірлік көп жақты ынтымақтастықты одан әрі серпінді қамтамасыз етуге, туризмді туристік биржалар мен ынтымақтастықты кеңейтуге арналған ШЫҰ-ның стратегиялық тақырыптарына енгізуді қамтамасыз ету мен мүшелікті кеңейту қазір өзекті талқылау тақырыбына айналып отыр
Ханымдар мен мырзалар,
Біз көргеніміздей, 1996 жылы “Шанхай бестігі” отырысының механизмі құрылды, содан кейін Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ), оның бастапқы ниеті мен ертерек міндеттері өзара саяси сенімге, аймақтық қауіпсіздікке және экономикалық ынтымақтастыққа бағытталған, кейіннен ынтымақтастықты нығайтып ғылым және техника, мәдениет, білім, қоршаған ортаны қорғау мәселелері қосылды. Соңғы жылдары ұйымның ықпалын кеңейту және түрлі жұмыс тетіктерін тұрақтандыру, әсіресе, мүше мемлекеттердің туризмді дамытуға және өңірлік туристік нарықтың одан әрі өсуіне байланысты маңыздылығы тұрғысынан алғанда,туризм стратегиялық ынтымақтастық аясына енді. 2016 жылғы саммитте «ШЫҰ-ға мүше елдер арасындағы туристік ынтымақтастықты дамытудың жоспары», ал, 2017 жылы «<ШЫҰ-ға мүше елдер арасындағы туристік ынтымақтастықтың бірлескен жоспары> Бірлескен іс-қимыл жоспары» сияқты бірқатар құжаттарға қол қойды. Барлық тараптар туризм саласындағы алмасулар мен мүше мемлекеттер арасындағы ынтымақтастық, халықтар арасындағы барыс-келісті дамыту, өзара түсіністік пен төзімділікті арттыру арқылы ШЫҰ-ға жаңа серпін береді және жаңа жарқын оқиғалар тудырады. Туризм жөніндегі Конференцияның туризм саласындағы ынтымақтастық семинарының күн тәртібіне сәйкес, даму жоспарын және Бірлескен іс-қимыл жоспарын жүзеге асыру мақсатында Ухань қаласында туризмді дамыту басқармалары, туризмді ынталандыру ұйымдары, туроператорлар, саяхат агенттері, инвестициялық институттар, салалық қауымдастықтар, оқу және ғылыми мекеме өкілдері жиналып прагматикалық тиімді нарықтық динамиканы дамыту үшін семинарлар мен консультациялар арқылы қоғамдық ортақ танымдарға келді.
Туризм саласындағы халықаралық алмасулар мен ынтымақтас елдер арасындағы өзара саяси сенім және визалық, иммиграциялық, кедендік бақылау және шекаралық басқару саласындағы адал ынтымақтастығы бұқаралық ақпарат құралдарының негізгі имиджі мен интернеттегі әлеуметтік медианың интерактивті қарым-қатынасы әлеуетті тұтынушылар арасында, әсіресе жастарға, туристтерді қабылаушы елдердің іскерлік беделін арттыру үшін маңызы зор, әуежайлар,жолдар,темiр жолдар,автомобиль жолдары,порттар, телекоммуникациялар және инфрақұрылымның басқа да нысандары,әлеуметтік қызметтердің және бизнестік ортаны жетілдірудің маңызы зор. Бұл негізгі шарттар қазірдің өзінде орындалуда немесе жетілдірілуде. Қытайдың «Бір белдеу және бір жол» бастамасы, Қазақстанның «Нұрлы жол» жобасы, Ресейдің көршілер мен достық саясаты, аталған елдердің өзара сенімін, аймақтық туристік ынтымақтастықтың саяси негізгі іргетасын қалады. Инфрақұрылымды жақсарту арқылы визалық саясатты жеңілдету және көші-қонды басқарудың дұрыстығының арқасында, қоғамдық көз-қарас пен адамдар арасындағы байланыстың нығаюы байқалады. Экономиканың, сауда мен гуманитарлық байланыстардың үнемі өсуін ескере отырып, ШЫҰ-ға мүше елдердің 34 миллион шаршы шақырымға, 3 миллиард адам, 150 миллион турист және 180 миллиард АҚШ долларын қамтитын туризм саласындағы аймақтық ынтымақтастық тетігін тез арада қалыптасуын күтуге толықтай негіз бар және аймақтық туристік ынтымақтастық одан ары артатынына сенімдіміз. Туризм саласындағы халықаралық алмасулар мен ынтымақтастығы ШЫҰ-ның стратегиялық мақсаттарында, ұйымдастырушылық динамикада және әлемдік туристік жүйенің дамуында белсенді әрі шешуші рөл атқарады.
Жақсы бастама – табыстың жартысына тең, Жетекшілердің болашақ жоспарлауы және үкіметтің жоғары деңгейдегі құрылымы туризм саласындағы алмасуларға және ынтымақтастыққа негіз болды. Сонымен қатар, идеалдан шындыққа дейін барудың әлі көп жолы бар екенін көре білуіміз қажет. Азия-Тынық мұхиты өңірі, Еуропа және Солтүстік Американың дамыған елдерімен туристік ынтымақтастыққа қарағанда, ШЫҰ-ға мүше елдер арасындағы туризм алмасулары әлі де бастапқы сатысында тұр.Туризм нарығыныңдамуы әр елде әр түрлі,туристік ресурстардың жеткілікті дамымағандығы, саяси және экономикалық туризмнің дамымауы сияқты мәселелер неғұрлым анық байқалуда. 2017 жылы Қытайға 2,5 миллион ШЫҰ-ға мүше елдердің туристері келген, бұл шетелдік туристтердің жалпы санының 8,6 пайызын құрайды. Қытайдың ШЫҰ-ға мүше елдеріне 1,8 миллионнан астам турист барған, бұл шетелге шыққан қытайлық туристердің жалпы санының 3,4% -ын құрайды. Құрылымдық тұрғыдан алғанда бұндай туризм саласындағы алмасуы Қытай мен Ресей арасындағы туризмге бағытталған.ШЫҰ-ға мүше елдердің туристері, Ресейлік туристер келушілердің жалпы санының 50% -ын құрайды, ал Қытайдың ШЫҰ-ға мүше елдерге келген туристерінің арасында 70% Ресейді таңдайды. Көптеген адамдар әлі күнге дейін Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстан туралы жеткілікті білмейді және олар осы елдерді әлем картасында басқа елдермен шатастырады. Қытайлықтар Ресейге немесе Қазақстандықтар Қытайға келседе, мен ең көп естіген шағым – бұл көп уақытты талап ететін виза мәселесі болды. Мен өткен айда Бейжің қаласында Қазақстанның Еуразиялық туризм қауымдастығының президентімен кездестім. Ол кісі маған кеденде 150 минут өткізгенін айтты.Тіпті кездесу кезінде маған ренішпен: «Мен жаман адамға ұқсамаймын ғой»,-деді. Егер біз Орта Азиядағы бес мемлекетке саяхат жасағымыз келсе қиынырақ болар анық. Ол қатты ренжіп, маған: «Мен жаман адамға ұқсамаймын» деді. Егер сіз бес елге немесе Ұлы Жібек жолы бойында саяхат жасағыныз келсе қиынырақ болары анық!Ақпараттар алмасуда, іскерлік келіссөздерде және турагенттермен,қонақ үйлермен, сахналық орындармен, теміржол компанияларымен және автокөлік жалдау компаниялары арасындағы сауда-саттықты реттеу саласында лингвистикалық, құқықтық және реттеушілік қиындықтар бар Олар мемлекеттік органдар тарапынан бағаланбайтын болса,соныме қатар,салалық қауымдастықтардың, туристердің, бизнес-құрылымдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының және жергілікті тұрғындардың қолдауымен бағаланбаса, мәселелер туындай береді және саясаткерлердің стратегиялық тұжырымдамасы тиімді болмайды. Бұл кездесуде осы мәселелер қаралатын болады және шағын алаңнан бастап, жалпы көрініске назар аударатын боламыз деп үміттенемін,ШЫҰ аясындағы туризм саласындағы ынтымақтастықты тұрақты түрде алға жылжытамыз деп сенемін.
Ханымдар мен мырзалар,
Әрекет ететін уақыт келді. Мәдениет, өнер, білім беру, ғылым мен техника және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы туризмді және интерактивтілікті жылжытудың өзара әрекеттесуінің арқасында мүше елдер арасында беделді үнемі жетілдіру керек. АҚШ, Жапония, Оңтүстік Корея, Сингапур, Австралия және Еуропа елдерініғ жасаған жетістіктерімен салыстырғанда Қытайдағы туризмді дамытуда Ресей мен Орталық Азияның бес елінің бюджетін, адам ресурстарын, қызмет жиілігін және кәсіпқойлығын жақсарту үшін көптеген мүмкіндіктер бар . Туристер түсінетін тілмен әсерлі әңгімелер айтып, тіптіде көп туристерді бір жол бір белдеу бойындағы және Ұлы шай маршруты бойынша Алматыға, Астана мен Шымкентке, Бішкек, Ташкент, Душанбе, Ашхабад, Мәскеу, Санкт-Петербург, Казань және т.б. қалаларға қызықтыру керек. Бұл қалалар тасмалы ыңғайлы, тамаша инфрақұрылыммен және іскерлік ортасы арқасында халықаралық туристер үшін алғашқы таңдау болып табылады.Табиғи ландшафтқа негізделген ауылдық туризммен салыстырғанда, қалалық туризм әртүрлі елдермен және аймақтармен жоғары сапалы өмір салтымен және достықты жоғарлатуға тиімді. Соңынан аяғына дейін жарнамаға қарамастан, туристерге гидтер, мейрамханалар, қонақ үйлер, көлік және жол белгілерін дайындап «Біз сіздерге дайынбыз»- дей алатындай жағдай жасауымыз қажет.Осы мақсатта Қытай Туризм Академиясы әріптестерімен біз нарық деректеріне, арнайы мысалдарға, білім беру ақпараттарымен алмасуға, конференциялар мен роуд-шоуларға көмектесуге дайынбыз.
Енді үкіметтің және жеке агенттіктердің бірлескен күш-жігері арқылы туристерге қауіпсіздік жағдайын қамтамасыз ету және қызмет көрсетуді жақсартатын уақыты келді. Ішкі саяхат пен салыстырғанда қауіпсіздік пен қолайлылық шекара асып саяхаттауды таңдаудың негізгі факторлары. ШЫҰ-ы құрылған сәтінен бастап аймақтық қауіпсіздік бірінші кезектегі міндет деп таныды. Терроризмге қарсы күрес, әлемдегі бейбітшілікті сақтау және өңірлік туризм алмасуларын қамтамасыз ету және ынтымақтастықты қамтамасыз ету үшін барлық күш-жігерді жұмсау керек екенін дәріптеді. Дегенмен, жол жүруді жеңілдету үшін көлік инфрақұрылымы, телекоммуникация және интернеттегі ынтымақтастықты одан әрі жалғастыру қажет. Қайткенде тікелей рейстерді көбейтуге, қатысты кодты ортақ бөлісуге, багаж туралы қолайлылықтар жасауға және саяхатқа чартерлік рейстерді бекіту процесін жеңілдетуге болады. Жоғары жылдамдықты теміржолдар мен жедел жүрдек желілерін құруды жеделдету, көп тілді логотиптер мен лицензияларды,жүргізуші куәліктерін өзара тануды қалай жылдамдату керек. Туристік топтың визасыз кіруін қалай көтеруге болады, визасыз транзитін, виза алуды, виза алуға өтініш уақытын қысқарту, визалардың жарамды уақытын ұзарту, визалық алымдарды азайтуды қалай жасауға болады; Телекоммуникация, қаржы және мәдени салалардағы ынтымақтастықты дамыту, мүше елдер арасында халықаралық роуминг тарифтерін төмендету және UnionPay, WeChat және Alipay сияқты жаңа төлемдер көлемін кеңейтуді қазіргі ШЫҰ Туризм саласындағы ынтымақтастыққа прагматикалық қадам жасауы тиіс.
Нақты іске кірісіп,мемлекеттік индустриялды инновациялар мен кәсіпкерлікті басқаратын нарықтық инновацияларды көбейтудің уақыты келді. 13 сәуірде Қытай үкіметі Ресей және Моңғолиямен шекараласатын Маньчжурия қаласында шекаралық туристік аймағын құрды. Нәтижесі айтарлықтай тиімді болғандықтан. шекара туризміне арналған қосымша пилоттық аймақ құрылатындығын және шекаралас аудандардың тұрғындары туризм саласында трансшекаралық ынтымақтастық аймағын құру үшін басқа көрші елдермен бірге бірлескен зерттеу жүргізетіндігін көрсетеді.Бұл тұрақты кездесулерді, тиісті мемлекеттік мекемелердің арнайы жұмыс топтарын жоспарлау мен насихаттауды, сондай-ақ туристік агенттіктердің, инвестициялық агенттіктердің, туристік қызметтерді жеткізушілердің және туристік операторлардың арасында ұлттық ерік-жігерді жүзеге асыру үшін және үкіметтік емес алмасуды және туризм саласындағы ынтымақтастықты орнатуды талап етеді.Бизнес адамдармен жасалады. Қытай халқы серіктестерімен достасуға көңіл бөледі, өйткені достық ақшаға қарағанда құнды. Мен мұнда барлығы жиналысқа қатысып қана қоймай, бір-бірімен достық қарым-қатынас жасау үшін келді деп сенемін. Өтініш,байланыс нөмерлері мен іскери ақпарат алмасып көрейік. Дұрысы ұялы телефонымызды шығарып, WeChat қосымшасында бір-бірлеріңізді қосуларыңыз керек. Қытайлық кәсіпкерлер, сарапшылар мен ғалымдар қонақтарды түнде жағалау бойында серуендеуге шақырып,Ханжжэнь көшесіне сыра ішуге, ыстық құрғақ кеспелерді дәм татып, үй тағамдары туралы әңгімелесуге белсенді түрде шақырайық.
Пікір қалдыру