21 мамырда Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) делегациясы ЕЭК Экономика және қаржылық саясат жөніндегі Алқа Мүшесі (Министр) Тимур Жақсылықовтың төрағалығымен Қазақстанның іскер топтарының өкілдерімен кездеседі.
Іс-шара «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының аймақтық палаталарымен бейнеконференция форматында өтеді. Отырысқа Қазақстан Республикасының министрліктері мен ведомстволарының, «Атамекен» ҚР АЭС және ЕЭК өкілдері қатысады.
Күн тәртібінде ел кәсіпкерлерімен бірге Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) жұмысының өзекті мәселелерін, ЕАЭО-дағы нормативтік-құқықтық ортаны және инвестициялық ахуалды жақсарту мәселелері қаралады.
Кездесу барысында Комиссия мен бизнес-қоғамдастық өкілдері Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ЕЭК-ке жолдаған өтініштерінде бұрын айтылған және олардың өзектілігін сақтай отырып, Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік субъектілерінің проблемаларын, сондай-ақ жаңа ұсыныстарын талқылайтын болады Қазақстандық кәсіпкерлер.
БАҚ аккредитациясы 2018 жылғы 18 мамыр сағат 15: 00-ге дейін
Күні мен орны: 21 мамыр 2018 жыл, сағат 11:00, Астана қ. Кунаева 8Б, «Изумрудный квартал» БК, «Түркістан» мәжіліс залы, 26 қабат
«Атамекен» ҚР ҰКП Қоғаммен байланыс департаменті (БАҚ аккредиттеу үшін): +7 (7172) 91 93 67, pr@atameken.kz
Дереккөз: «Атамекен» ҚР АЭС
Пікір қалдыру