Бүгін Қытайға мемлекеттік сапары аясында осы елдің бизнес капитандарымен кездескен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстандағы шетелдік туристер үшін тартымды бағыттарды атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Туризмді дамытуға баса мән беріледі. Туристік саланы дамыту тұжырымдамасы қабылданды. Бұл саладағы ынтымақтастықтың басымдыққа ие бағыттарының қатарында аңшылық, балық аулау, мәдениет, білім беру, медицина және кинотурзим салалары бар деп есептейміз», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Айта кетейік, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қытайға мемлекеттік сапармен келіп, кеше ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен кеңейтілген құрамда келіссөздер өткізді. Нәтижесінде бірнеше құжатқа қол қойылды.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы ҚХР Мемлекеттік кеңесінің премьері Ли Кэцянмен жүздесті. Ал 10 маусым күні ҚР Президенті Циндао қаласында өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшыларының кеңесіне қатысады деп күтілуде.
Пікір қалдыру