ЕУРАЗИЯЛЫҚ ТУРИЗМ ҚАУЫМДАСТЫҒЫ

Орталық Азиямен туризмді дамыту бойынша кәсіби қауымдастық

ҚАУЫМДАСТЫҚҚА КІРУ

ҚАУЫМДАСТЫҚ ТУРАЛЫ

Еуразиялық туризм қауымдастығы 2017 жылы туризм саласында қазақстан-қытай қарым-қатынастарын дамытуға Қазақстандағы туризм индустриясының қатысушыларын біріктіру мақсатында құрылған. Қауымдастықтың негізгі стратегиялық серіктестері – Қытай Халық Республикасы және Ресей Федерациясы.

Еуразиялық туризм қауымдастығы туроператорларды, қонақ үйлерді, мейрамханаларды, көрікті жерлерді, оқу орындарын, авиакомпанияларды, емдік-сауықтыру мекемелерді, сауда үйлерін, Қазақстан қауымдастықтарын және болашақта Орталық Азия елдерін біріктіруді көздейді. Қауымдастық Алматы мен Гонконгта өкілдік ашуда. Болашақта Ташкентте, Гуанчжоуда, Бейжіңде және Шанхайда Қауымдастық өкілдіктерінің ашылуы жоспарлануда.

Бір жылдан кейін Еуразиялық туризм қауымдастығы қазақстан-қытай туризмі саласында шынайы кәсіби одаққа айналды. Осы уақыт ішінде Қауымдастық Қытайдың Қазақстандағы туризм жыл аясында өткізілген барлық шаралардың бастамашысы және ұйымдастырушысы ретінде жұмыс атқарды.

Еуразиялық туризм қауымдастығы Қазақстандағы туризмнің тұрақты дамуына мүдделі туроператорлармен, қонақ үйлермен, туризм саласында мемлекеттік органдармен және басқа ұйымдармен жұмыс істеуге әрдайым қуанышты.

БІЗДІҢ КОМАНДА

Карабаева Рысты Калиевна
Карабаева Рысты КалиевнаПрезидент
Есеналиева Айгерим Ериковна
Есеналиева Айгерим ЕриковнаАтқарушы директор
Круглякова Татьяна Александровна
Круглякова Татьяна АлександровнаМенеджер