8 қаңтарда Мәжілісте Палата төрағасы Нұрлан Нығматулин Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Чжан Сяоны қабылдады.
Әңгіме барысында Нұрлан Нығматулин атап өткендей, бүгін жеке достық пен Қазақстан мен Қытай көшбасшылары Нұрсұлтан Назарбаев пен Си Цзиньпин арасындағы тұрақты байланыстардың арқасында екіжақты өзара іс-қимыл стратегиялық серіктестік деңгейіне жетті.
Мәжіліс Төрағасының айтуынша, Қазақстан-Қытай қарым-қатынастарының ерекше сипатын Қазақстан Президентінің Қытайға 2018 жылғы маусымда және ҚХР Төрағасының 2013 жылы біздің елге жасаған тарихи мемлекеттік сапарлары көрсетті. Жібек жолы экономикалық белдеуінің жаһандық жобасы басталды.
Нұрлан Нығматулин «Нұрлы жол» бағдарламаларын қытайлық «Бір белдеу, бір жол» жобасымен жұптастыру бойынша бірлескен жұмыс нәтижелеріне назар аударды. Олардың ішінде ірі инфрақұрылымдық жобалар, Қорғас құрғақ порты, Ақтау порты, «Қазақстан – Түркменстан – Иран» жаңа теміржол дәлізі, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізі және т.б.
Қытай елшісі Чжан Сяо атап өткендей, келе жатқан 2019 жыл екіжақты стратегиялық серіктестікті одан әрі тереңдету үшін өте маңызды және оқиғалы болады.
Чжан Сяо қазақстан-қытай қатынастарының дамуының серпінді сипатын атап өтіп, «Нұрлы жол» мен «Бір белдеу, бір жол» бағдарламаларының жұптасуы Қазақстан мен Қытай басшыларының дана басшылығының арқасында сәтті жүзеге асырылып жатқанын баса айтты. Дипломаттың айтуынша, қазіргі уақытта 55 ірі инвестициялық индустриялық жоба жүзеге асырылуда және биыл бірқатар жаңа жобаларды іске қосу жоспарланып отыр.
Перспективалы бағыттардың қатарында Қытайдың Қазақстандағы елшісі мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты, туризмді де атады.
Мәжіліс спикері екіжақты қатынастардың маңызды құрамдас бөлігі ретінде қазақстан-қытай парламентаралық өзара іс-қимылын дамытудың маңыздылығына сенім білдірді. Нұрлан Нығматулин атап өткендей, қытай парламентшілерінің жүргізіліп жатқан инновациялық дамуды, сондай-ақ экономикалық қайта құруларды реформалауды заңнамалық қолдау тәжірибесі практикалық қызығушылық тудырады.
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметі
Пікір қалдыру