Соңғы жылдары Орталық Азия аймағындағы туризм саласы өзінің белсенді дамуымен экономиканың басқа салаларына – көлік, байланыс, құрылыс, ауыл шаруашылығы салаларына әсер етіп, аймақ елдерінің әлеуметтік-экономикалық дамуын ынталандыруда. Олардың әрқайсысы әдемі табиғаты мен тарихи және мәдени мұрасының байлығымен мақтана алады.
Сондықтан қазір сала алдында туристер мен инвестицияларды тарту ғана емес, сондай-ақ туристік тартымдылықты, табиғаттың тазалығы мен материалдық және материалдық емес мұралардың түпнұсқалығын сақтау, келер ұрпаққа жақсы жағдайда қалдыру мәселелері тұр. Мұны ресурстарды үнемдеу, тұрақты басқару технологияларын қолдану және айналмалы экономика, яғни қалдықтарды және басқа да ластану түрлерін барынша азайтатын ресурстарды жаңарту экономикасы арқылы жасауға болады.
Көріп отырғанымыздай, тұрақты туризмнің дамуы бизнес басқару әдістерінің өзгеруін, тұтыну мен өндіріс модельдерін қайта қарастыруды қажет етеді. Қазақстанда кейбір қонақ үйлер тұрақты басқарудың жеке тәжірибесін қолданып келеді. Мысалы, қоқысты сұрыптау, энергия және су үнемдеу технологияларын қолдану. Бірақ отандық туризм бизнесінің аз бөлігі ғана экологиялық сертификаттау туралы ойлайды.
Туристік кәсіпорындар ресурстарды тиімдірек пайдалану және қалдықтарды азайту арқылы өздерінің экологиялық көрсеткіштерін жақсарту үшін экологиялық сертификаттауды қажет етеді. Бұл бірден бірнеше аспектілерге оң әсер етеді: кәсіпорыныңыздың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, ниеттестікті (лояльность) арттыру және қоршаған ортаға ерекше көңіл бөлетін туристерді тарту.
Қазақстандағы көптеген ұйымдар экологиялық сертификаттауды көп шаруаны қажет ететін және қымбат процесс ретінде дұрыс қабылдамайды. Бірақ қазіргі күндері бұл қате пікір. Мысалы, «Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік (CSR)» және «Қонақ үйлердегі көміртекті өлшеу бастамасы (HCMI)» сертификаттары үшінші тараптың аккредиттеуі қажет етпейді. Ұйымдар өздері үшін мақсаттар мен міндеттерді таңдай алады, өздерінің іс-қимыл жоспарын жасай алады және осы сертификаттаудың принциптерін басшылыққа ала отырып, тұрақты басқару мен қоршаған ортаны қорғауға дербес қадам жасай алады.
Тұрақты туризм туралы хабардарлықты арттыру, экологиялық сертификаттау және Қазақстанда тұрақты тұтыну мен өндіріс практикасын енгізу үшін Еуразиялық туризм қауымдастығы шетелдік әріптестермен бірлесіп, Еуропалық Одақтың SWITCH-Asia бағдарламасы қаржыландыратын «Орталық Азиядағы тұрақты туризм моделі» (MOST) жобасын іске асырады.
Жобаның іс-шаралар бағдарламасы шеңберінде Еуропалық сарапшылар жұмылдырылып, Қазақстанның туристік және қонақ үй бизнесінің өкілдерімен экологиялық менеджменттің негіздерімен, тұрақты тұтыну және өндіру практикаларымен, экологиялық өнімдер мен қызметтерді ілгерілетудің ерекшеліктерімен бөлісті. Сондай-ақ, қонақ үйлер электр энергиясын, жылу мен ылғалдылықты онлайн-мониторингілеу жабдығын орнату, сондай-ақ деректерді енгізуге және экологиялық сертификаттаудың үш түрі бойынша қажетті параметрлерге талдау жүргізуге көмектесетін онлайн-сервиске қол жеткізу мүмкіндігіне ие болды. Жоба карантин кезінде басталғандықтан, туристік бизнесті онлайн режимінде оқытуға арналған тегін платформа жасалды.
Туризм және қонақжайлылық индустриясындағы экологиялық менеджмент Қазақстанда әлі де кеңінен қолданылмағанына қарамастан, көптеген қонақ үйлер, мейрамханалар мен туристік ұйымдар қызығушылық танытып, тіпті осы бағытта нақты қадамдар жасай бастағанын атап өтуге болады.
Пандемияға дейін жүргізілген зерттеулерге сәйкес (Booking.com, Sustainable TravelReport, Exodus Travel Report), туристердің 91%-ы әдептілікпен саяхаттауды маңызды деп санайды, туризм саласындағы қазақстандық компаниялар үшін өз жұмысына тұрақтылық принциптерін одан әрі жаппай енгізу пайдалы ғана емес, сондай-ақ тиімді қадам болады. Осылайша, барлығы қанағатты болады: біріншіден, туристер демалыстың керемет тәжірибесі мен әсерін алатындықтан, сонымен қатар оның тұрғындары мен болашақ қонақтары үшін дестинацияны сақтауға қатысатындығын сезінеді, екіншіден, туристік бизнес өкілдерінің өздері өз аудиториясын кеңейтеді, шығындарды оңтайландырады және пайда табудың жаңа көздерін таба алады.
Сондықтан бизнес үшін Қазақстанда тұрақты туризмді дамыту – біздің ұрпақтарымыздың болашағына қосқан үлес қана емес, сонымен қатар қазіргі таңда кәсіпорындардың дамуы мен тиімділігін арттыру болып табылады.
Әйгерім Есеналиева
Еуразиялық туризм қаумдастығы
Нұр-Сұлтан қ., Жеңіс даңғылы 1, кеңсе12
info@eurasiantourism.com
www.eurasiantourism.com
www.mostcentral-asia.eu
Tel. (+7) 7172 277 405
+7 775 045 8485
Пікір қалдыру