Биыл маусымда Циндао қаласында өтетін Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы саммитінің басты мақсаты – ШЫҰ тиімділігі мен ықпалын арттыру. Бұл туралы КХР сыртқы істер министрі Ван И айтты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Қытайдағы меншікті тілшісі.

«Бұл ұйымның кеңеюінен кейінгі болып тұрған алғашқы саммит. Біз ШЫҰ мүшелерімен саммитте үш негізгі мақсатқа қол жеткізу үшін жұмыс істеуге дайынбыз. Біріншісі – біртұтастықты нығайту. Шанхай ынтымақтастық ұйымы мүшелерімен бірге біз «Шанхай рухының» биік тұғырын жоғары деңгейде ұстаймыз, мүшелер арасындағы өзара сенім мен бірлікті нығайтамыз және тағдыры бір қоғам құрамыз», – деді ол 8 наурызда өткен жиында.

Оның айтуынша, Циндаодағы ШЫҰ саммитінің екінші мақсаты Ұйымның жұмысының тиімділігін арттыру болып табылады.

Ван И саммиттің үшінші мақсаты ШЫҰ-ның халықаралық аренадағы ықпалын арттыру екендігін айтты.

«Аймақтағы, тіпті әлемде ШЫҰ-ға мүше мемлекеттермен бірлесе отырып, бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау үшін халықаралық қоғамдастықтың күткеніне оң бағасын береміз, негізгі халықаралық және аймақтық мәселелер бойынша дауыс беруді күшейтеміз және аймақтық ынтымақтастық пен жаһандық экономикалық басқаруда одан да белсенді рөл атқарамыз. Жалпы алғанда, саммит ШЫҰ тарихындағы жаңа кезең болады», – деді ҚХР Сыртқы істер министрі.