Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев ҚХР Орталық комитетінің 18-ҚКП мүшесінің орынбасары, ҚХР бас салық әкімшілігінің министрі Ван Цзюнь мырзамен кездесу өткізді.

Кездесу барысында «Белдеу және Жол» бастамасы аясында екі елдің салық органдары арасындағы өзара іс-қимылдың тиімді тетігін құру, сондай-ақ, салық саясаты саласында ҚХР-мен ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Анықтама: Қазақстан мен Қытай арасындағы салық қатынастары 2001 жылдан, Астана қаласында Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы қосарланған салық салуды болдырмау және табыс салығына қатысты салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы келісімге қол қойылған кезден (2001 жылғы 12 қыркүйек) бастау алады. 2017 жылғы маусымда ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің сапары аясында ҚР Қаржы министрлігі мен ҚХР Мемлекеттік салық әкімшілігі арасында салық салу мәселелері бойынша өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

«ҚазАқпарат» ХАА